10410200- Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару


Темір жол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару – бұл көлік қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз ете отырып, темір жолдардың тасымалдау процесін, жүк және коммерциялық жұмысын ұйымдастыруды және басқаруды қамтамасыз ететін кәсіби қызметтің құралдары, әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын қамтитын көлік саласы.


Біліктілігі: 3W10410201 – 4-ші және 5-ші кластардың темір жолстансасының кезекшісі

4S10410205 - Тасымалдауды ұйымдастырушы техник

Тасымалдауды ұйымдастырушы техниктің кәсіби қызметінің объектілері:
* магистральдық және өнеркәсіптік теміржол көлігі бөлімшелерінде қозғалысты ұйымдастыру және басқару процесі
* жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру процесі
• Тасымалдауды ұйымдастырушы техниктің кәсіби қызметінің түрлері:
• * тасымалдау процесінде техникалық құралдарды, озық технологияларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету
• * стандартты емес жағдайларда қозғалысты басқару бойынша оңтайлы шешімдер қабылдау
• * поездардың қозғалыс кестесін, қозғалыс қауіпсіздігін, жүктер мен жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету
• * қауіпсіздік техникасының орындалуын қамтамасыз ету
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Оқу мерзімі:

* 9 сынып негізінде - 3 жыл 10 ай
* 11 сынып негізінде - 2 жыл 10 ай

Бөлімшеде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шаралары
* Студенттерге арналған ғылыми-практикалық конференциялар
* Алматы-1, Алматы -2 станцияларында, кірме жолдар мен бөлімшелерге экскурсия жүргізу
* Студенттердің колледж ішіндегі, сондай-ақ басқа да орта оқу орындарындағы түрлі ұйымдастырушылық іс-шараларға қатысуы

НАШ АДРЕС

г.Алматы мкр. Жетысу-1, дом 32/3

НАШИ НОМЕРА

Приемная комиссия: +7 (727) 376-74-78 (вн-555), +7-705-100-09-66

Ответсвенный секретарь приемной комиссии: 8-747-012-69-87

Учебная часть: 8 (727) 376 69-49

EMAIL

atek_ps@mail.ru

atekps.kz@gmail.com