АЛМАТИНСКИЙ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ
КОЛЛЕДЖ ПУТЕЙ СООБЩЕНИЯ


+7(727) 376-74-78
    (вн. 555, 586)

        ҚАЗ | РУС
Главная » Новости » Қыз еркем анасымен көркем

Қыз еркем анасымен көркем

                                      Қыз еркем анасымен көркем

           Халық аралық әйелдер мерекесі қарсаңында Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері арасында «Қыз еркем анасымен көркем» атты қыз сыны байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: болашақ  қыздарымыздың  тәрбиелі, өнерлі болып , анасына қолғанат, инабатты ,  ибалы, үлкенді сыйлап , кішіні құрметтейтін, көргенді қайтпас қайсар қыздарын тәрбиелеп отырған мейірімді  ата- аналардың  қыз бен ана арасындағы парасатты тәрбиені насихаттау. Байқауға барлығы жеті  оқу орнынан қатысты.   Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін толассыз таусылмайтын қазына. Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды, жүрегі «қазақ» деп соғатын азаматтарды тәрбиелеу үшін ата-ана тәрбиесі- ең басты, ең маңызды, ең қажетті, ең керекті тәрбие. «Қыз өссе елдің көркі,  Гүл өссе жердің көркі» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.  Осы айтылған  ұстанымдардың барлығын өзіне мақсат етіп біздің оқу орынымыздың намысын қорғап  аталмыш сайысқа ОПУ 3-1 тобының студенті Аманғазина Ақниет  өзінің анасы Қамажай Секенқызымен қатысып, керемет өнерімен халықты тәнті етті. Бірінші таныстыру кезеңінде «Ана-өмірдің гүлі» деген ұстаныммен көктемнің символы бәйшешек гүлдерінің бейнесіне еніп Ақниет қызымыз анасымен  таныстыру кезеңінен сүрінбей өтті. Екінші кезеңде қазақтың ұлттық қол өнер бұйымдары атап айтсақ: құрақ көрпе тігу, жіп иіру, тоқыма тоқу сияқты  оң қолынан бал тамған шебер екендігін анасы екеуі дәлелдеді. Соңғы шешуші кезеңде әр түрлі халықтың достығының дәлелі  ретінде,   Ақниет қызымыз түрлі ұлттардың мың бұралған биімен, анасы Қамажай  Секенқызы әуелеген әсем әнімен көрермендерге және  әділ қазы алқаларына керемет көңіл күй сыйлады.  Осылайша Ақниет анасымен «Қыз еркем анасымен көркем» екендігін дәлелдеп бас жүлде иеленді.

 

 

АТЭҚЖК директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары

Аубакирова Назира Құрманғажықызы