АЛМАТИНСКИЙ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ
КОЛЛЕДЖ ПУТЕЙ СООБЩЕНИЯ


+7(727) 376-74-78
    (вн. 555, 586)

        ҚАЗ | РУС
Главная » Новости » Ана- өмірдің гүлі!

Ана- өмірдің гүлі!

Ана- өмірдің гүлі!

 

"Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды.

 Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды.

 Қуандым ба, Өзің бар деп қуандым.

 Жыладым ба, Өзің жоқ деп жас тамды.

 Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды", - деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай бұл өмірдің мәні де, сәні де аяулы аналарымыз.  Сондықтан мейірім шуағын төккен абзал жандардың мерекесіне орай  «Жастар комитеті»  студенттері  ұстаздар қауымына өнерлерін паш етіп,  шағын мерекелік концерт өткізді.  Алғашқы  құттықтау сөзді ҚҚЖУ ректоры Амангелді Жұмағалиұлы Омаров мырзаға берілді. Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін ақ жаулықты әжелеріміздің, аяулы аналарымыздың, әпкелеріміз бен қарындастарымызды төл мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтықтап, аудан әкімінің, «Нұр Отан»  партиясының және  оқу орнымыздың  алғыс хаттарымен    бірқатар  азаматшаларды марапаттады .  Мерекелік кеш өнерпаз студенттердің ақ жүректерінен шыққан әуелеген әсем әндерімен,  мың бұралған билерімен жалғасты.

 

 

АТЭҚЖК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Өмірғазынов Айдархан Абайұлы