АЛМАТЫ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚАТЫНАС ЖОЛДАРЫ КОЛЛЕДЖІ


+7(727) 376-74-78
    (ішк. 555, 586)

        ҚАЗ | РУС
Главная » Басты бет

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 2017 жылдың 31 қаңтары
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

2017 жылдың 2 ақпанында Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің директоры Омарова Гульмира Амангельдиена колледж әкімшілігін Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» таныстырды.

Жолдауды талқылау барысында 5 негізгі бағыт туралы айтылды, оның ішінде білім беру саласына ерекше көңіл бөлінді.

Колледж әкімшілігі үлкен қызығушылықпен және қанағаттанушылықпен Н.Ә.Назарбаетың жыл сайынға Қазақстан халқына Жолдауымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» танысты. Өз жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асыру бойыншаҮкімет алдында тұрған міндеттерді атап өтті. Бізге еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа моделін құруымыз қажет.

Жолдаудың негізгі мақсаты – әлемнің дамыған 30 мемлекеттері қатарына ену, бай және қуатты елдермен бір қатарда болу.

ҚР Президенті өз жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асыру бойынша міндет тұрғандығын, онда жаңа қауіп-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктерін қатар жүретіндігін айтып кетті. Жолдауда экономикалық реформалар негізінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған экономика саласындағы жедел және тиімді қадамдар бойынша барынша айқын тапсырмалар қамтылған. Негізгі 5 бағыт нақты анықталған. Қазақстан халқына Президент өзінің Жолдауында, бұрындағыдай, әлеуметтік саясатқа, әл-ауқатын көтеруге, адами капиталдың сапасын жақсартуға ерекше рөл беріледі. Бұл білім беру және денсаулық сақтау жүйесіндегі, әлеуметтік саладағы, тұрғын үй саласындағы өзгерістер. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың саналы жауапкершілігіне негізделген үш тілді білім беруге сатылап көшу, «Барлығы үшін тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу Президент Н.Ә.Назарбаевтың Үкімет пен біздің адымызға қойған негізгі тапсырмаларының бірі болды. Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, қарапайым адамдардың әлеуметтік сезімі біздің негізі мақсатқа жетудегі маңызды индекаторы болуы тиіс. Президент 2017 жылы әлеуметтік жәрдемақылардың көлемін көтеруді, орынды зейнетақының жаңа индексациясын тапсырды. Мұның барлығы мемлекет өзінің азаматтары алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттерін сақтайдығын білдіреді.

Жолдаудың әрбір сөзінде мемлекет Басшысының таңдалған жолдың дұрыстығына нығыз сенімділігі байқалады. Үлкен міндеттер қойылуда. Бірақ барлық қазақстандықтар Президентімізбен бірге біз кез-келген қиындықтардан өте алатындығымызды білдіреді. Аталмыш құжатта қарастыру кезінде болашақ мамандықты таңдауға болатын міндеттер мазмұндалған. Бұл президенттің әрбір жолдауларының ерекшеліктері. Осы жылдан бастап «Барлығы үшін тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы жүзеге асырыла бастайды. Осы жоба жастарда қызығушылық оятып, оларды дұрыс бағытқа, яғни отанымыздың игілігі үшін еңбек етуге бағыттайды деп ойлаймын!